Жібек Құламбаева Үндістандағы турнирдің финалына бір қадам жақындады

26.03.2026    Оқылғаны: 453
Дереккөз: ҚТФ баспасөз қызметі
Автор:
Қазақстандық теннисші Жібек Құламбаева Үндістанның Нагпур қаласында өтіп жатқан ITF сериясындағы турнирде сәтті өнер көрсетуін жалғастыруда.
 
Жұптық сындағы ширек финалдық бәсекеде Жібек Екатерина Яшинамен бірге жергілікті тандем – Кашиш Бхатия / Лакшмисири Дандуға қарсы ойнады. Кездесу басталғаннан-ақ қазақстандық-ресейлік жұп басымдыққа ие болып, алғашқы сетті 6:1 есебімен жеңіспен аяқтады. Екінші партияда есеп 0:0 болған тұста үндістандық теннисшілер ойынды жалғастырудан бас тартты. Осылайша, Құламбаева мен Яшина жартылай финалға мерзімінен бұрын жолдама алды.
 
Енді финалға шығу үшін Жібек пен Екатерина Үндістанның тағы бір жұбы – С. Садик / М. Савантпен бақ сынайды.
 
Айта кетейік, бүгінгі таңда Жібек Құламбаева WTA-ның жекелей сыны бойынша рейтингінде 422-орында тұр. Үндістандағы сәтті қадам теннисші үшін ұлттық құрама сапындағы маңызды жарыстар алдында үлкен дайындық болмақ. Алдағы 10–11 сәуір күндері Жібек Құламбаева Астанада өтетін Billie Jean King Cup командалық әлем чемпионатының іріктеу кезеңінде Канада құрамасына қарсы ел намысын қорғайды.
 


Қазақстан теннисінің барлық оқиғаларынан хабардар болыңыз, сайттағы жаңалықтардан ақпарат алыңыз және Instagram, Facebook және YouTube арналарындағы әлеуметтік парақшаларымызға жазылыңыз.



Федерация серіктестері

Ақпараттық серіктестер