Анна Данилина қатарынан жетінші WTA турнирінің жартылай финалына шықты
Қазақстандық Анна Данилина сербиялық Александра Круничпен бірге сәтті ойындар сериясын жалғастыруда. АҚШ-та өтіп жатқан турнирдің ширек финалында Ресей мен Канада спортшыларынан құралған Мирра Андреева / Виктория Мбоко дуэтін жеңіп, жартылай финалға жолдама алды.
Тартысқа толы матч 7:6, 6:2 есебімен қазақстандық-сербиялық жұптың пайдасына аяқталды. Бірінші сетте қарсыластар тай-брейкке дейін барып, айтарлықтай қарсылық көрсеткенімен, екінші партияда Данилина мен Круничтің басымдығы айқын байқалды.
Анна мен Александра үшін бұл WTA аясындағы турнирлерде қатарынан шыққан жетінші жартылай финал. Бұл – тандемнің жоғары деңгейдегі тұрақтылығының көрінісі. Еске сала кетейік, осы маусымда бұл жұп Australian Open турнирінің финалына дейін жетіп, Дохадағы WTA 1000 додасында чемпион атанған болатын.
Финалға шығу үшін Данилина мен Крунич испаниялық-америкалық Кристина Букша / Николь Меличар жұбымен кездеседі.

Қазақстан теннисінің барлық оқиғаларынан хабардар болыңыз, сайттағы жаңалықтардан ақпарат алыңыз және Instagram, Facebook және YouTube арналарындағы әлеуметтік парақшаларымызға жазылыңыз.