Александр Бублик өз мансабында алғаш рет Роттердамдағы ATP 500 додасының ширек финалына шықты

13.02.2026    Оқылғаны: 734
Дереккөз: ҚТФ баспасөз қызметі
Автор:

Қазақстан ерлер құрамасының үздігі Александр Бублик биылғы маусымда жеке жетістіктерін жаңартуды жалғастыруда. Нидерландыда өтіп жатқан беделді ATP 500 турнирінің екінші айналымында сенімді жеңіске жеткен Александр өз мансабында тұңғыш рет осы жарыстың ширек финалына жолдама алды.

Еске сала кетейік, доданың беташар матчында Бублик өзі үшін ең ыңғайсыз қарсыластардың бірі — поляк теннисшісі Хуберт Хуркачты тартысты кездесуде қатардан шығарған болатын. Ал екінші кезеңде отандасымыз Германияның тәжірибелі спортшысы Ян-Леннард Штруффты үш сетте айқын басымдықпен жеңді. Ойын есебі — 7:6, 4:6, 6:3.

Роттердамдағы турнирдің 1/4 финалына шығуы Александрдың бабында екенін және әлемдік теннис саңлақтарының арасындағы орнын нығайта түскенін айғақтайды. Енді жартылай финал жолдамасы үшін Бублик испаниялық Хауме Мунармен шеберлік байқасады.



Қазақстан теннисінің барлық оқиғаларынан хабардар болыңыз, сайттағы жаңалықтардан ақпарат алыңыз және Instagram, Facebook және YouTube арналарындағы әлеуметтік парақшаларымызға жазылыңыз.



Федерация серіктестері

Ақпараттық серіктестер