Александр Бублик Роттердамдағы ATP 500 турнирін жеңіспен бастады

12.02.2026    Оқылғаны: 161
Дереккөз: ҚТФ баспасөз қызметі
Автор:

Қазақстан құрамасының көшбасшысы Александр Бублик Нидерландыда өтіп жатқан беделді турнирдегі алғашқы кездесуін сәтті өткізді. Бірінші айналымда ол әлемдік рейтингте 70-орында тұрған поляк теннисшісі Хуберт Хуркачты аса тартысты матчта жеңді. Хуркач рейтингте төмен болғанымен, Бублик үшін ең ыңғайсыз қарсыластардың бірі саналады.

Екі жарым сағатқа созылған кездесу нағыз мінез бен шеберліктің сыны болды. Александр алғашқы сетте тай-брейкте есе жібергенімен, кейін басымдықты өз қолына алып, ойын тағдырын өзгерте алды. Матч 6:7, 7:6, 7:5 есебімен қазақстандық спортшының пайдасына аяқталды. Бұл жеңістің Бублик үшін психологиялық маңызы зор, өйткені ол бұған дейін польшалық теннисшіге қарсы ойындарда жиі жол беріп келген еді.

Роттердам турнирінің екінші айналымында Александр Бублик Германия өкілі Ян-Леннард Штруффпен кездеседі.



Қазақстан теннисінің барлық оқиғаларынан хабардар болыңыз, сайттағы жаңалықтардан ақпарат алыңыз және Instagram, Facebook және YouTube арналарындағы әлеуметтік парақшаларымызға жазылыңыз.



Федерация серіктестері

Ақпараттық серіктестер