Қазақстандық жас теннисші Габриель Брегвадзе Ереван төрінде жеңімпаз атанды

10.02.2026    Оқылғаны: 200
Дереккөз:
Автор: Пресс-секретарь
Армения астанасы Ереванда 12 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасында Tennis Europe сериясы бойынша халықаралық турнир аяқталды. Аталған доданың шешуші ойынында қазақстандық жас талант Габриель Брегвадзе айқын басымдық көрсетіп, жеңімпаз атанды.

Финалдық кездесуде Габриель ресейлік теннисшімен шеберлік байқасып, 7:5, 6:2 есебімен жеңіске жетті. Бұл жетістік жас спортшының халықаралық аренадағы мансабының табысты басталуына жол ашты.

Айта кетерлігі, жас жеңімпаз Вера Тихомирова-Брегвадзенің жетекшілігімен шеберлігін шыңдап келеді.


Қазақстан теннисінің барлық оқиғаларынан хабардар болыңыз, сайттағы жаңалықтардан ақпарат алыңыз және Instagram, Facebook және YouTube арналарындағы әлеуметтік парақшаларымызға жазылыңыз.



Федерация серіктестері

Ақпараттық серіктестер