Ел намысын қорғау — борышым — Александр Бублик
Астанада Дэвис кубогы аясында Монакомен матчқа қатысып жатқан Қазақстан құрамасының көшбасшысы Александр Бублик өз ой-пікірін білдірді.
— Мен ең алдымен спортшымын, сондықтан өзіме қолайлы жағын ойлауға тиістімін. Дегенмен құрама сапында турнирге қатысу үшін Нью-Йорктан Кореяға 20 сағат ұштым. Өйткені мен ел үшін ойнауға тиістімін, бұл — менің борышым. Мен осылай деп есептеймін және міндетім екендігін түсінемін. Ал ATP 250 жарысында бақ сынау — менің тілегім. Егер ол менің кестеме сай келсе, қуана қатысамын. Шынымды айтсам, өз еліңде ойнау қашанда ауыр. Жанкүйерлер қолдауынан қуат алатындар бар. Бірақ мен өзімнің үздік нәтижелерімді көрермендер маған қарсы болған кезде көрсеттім. Мысалы, Париждегі мастерс турнирі мен Ролан Гарроста солай болды, — деді А.Бублик.
Ол жоғары деңгейдегі теннисшінің ойын кезінде қандай жағдайға да психологиялық жағынан дайын болуы керектігін айтты.
— Адамдар сенің әр қимылыңды қолдап, қуаттаса, бұл — жақсы. Алайда мықты ойыншы болсаң, мұны ескере бермейсің. Сен өзің туралы, әр соққы туралы ойлайсың, себебі әр сәт матч тағдырын шешіп кетуі мүмкін. Қазақстандық жанкүйерлер алдында ойнау мен үшін — үлкен қуаныш, дегенмен бәрібір өзіме көңіл аударуға тырысамын, — деп қосты Бублик.

Қазақстан теннисінің барлық оқиғаларынан хабардар болыңыз, сайттағы жаңалықтардан ақпарат алыңыз және Instagram, Facebook және YouTube арналарындағы әлеуметтік парақшаларымызға жазылыңыз.