Дэвис кубогы: Қазақстан мен Монако матчында таразы басы теңесті
Астана қаласында Beeline Arena ұлттық теннис орталығында Дэвис кубогы Бірінші әлемдік тобы аясында Қазақстан мен Монако арасында плей-офф матчы басталды
Ойынды Қазақстанның бірінші, әлемнің 10-ракеткасы Александр Бублик пен Уго Нис ашты. Бастапқы сетте Бублик қарсыласына еш мүмкіндік қалдырмады — 6:0. Александр екінші сетте де 2:0 есебімен алға кетті. Ақыры ойынды тағы бір брейкпен түйіндеді — 6:3.
Кортқа екінші болып рейтингіде 87-орындағы Александр Шевченко мен әлемнің 27-ракеткасы, Монако командасының көшбасшысы Валантен Вашро шықты. Бірінші партия монаколық теннисшінің айқын басымдылығымен өтті - 6:0. Екінші сетте Шевченко 3:1 есебімен алға шыққанымен, сол қарқынын жалғастыра алмады. Есесіне Вашро қатарынан бес гейм алды - 6:3.
Осылайша, қос команда арасындағы есеп теңесті - 1:1.
Қазақстан мен Монако арасындағы матч сенбі күні жалғасады. Бұл күнге үш бәсеке жоспарланған.
Beeline Janymda. Спортта және желіде тұрақты мобильді қолдау.
Lexus. Experience Amazing
Әр сағат сайын A’SU ішіңіз

Қазақстан теннисінің барлық оқиғаларынан хабардар болыңыз, сайттағы жаңалықтардан ақпарат алыңыз және Instagram, Facebook және YouTube арналарындағы әлеуметтік парақшаларымызға жазылыңыз.