Теннистен Қазақстан ерлер құрамасының жаңа капитаны тағайындалды

19.01.2026    Оқылғаны: 801
Дереккөз: ҚТФ баспасөз қызметі
Автор:
Қазақстан теннис федерациясының президенті Болат Өтемұратовтың шешімімен биыл Дэвис кубогында Қазақстан ерлер құрамасы жаңа капитанның басшылығымен өнер көрсетеді.

Диас Досқараев Қазақстан ерлер құрамасының жаңа капитаны болып тағайындалды, ол Юрий Щукинді алмастырады. Юрий Билли Джин Кинг кубогына қатысатын Қазақстан әйелдер құрамасының капитаны болып қала береді. 

Болат Өтемұратов өз кезегінде Юрий Щукинге жасаған қызметі үшін алғысын білдіріп, оның өз ісіне берілгендігін және елеулі үлес қосқанын атап өтті. 

Диас Досқараев Қазақстан құрамасын 2012 жылдан 2019 жылға дейін 7 жыл бойы басқарды. Ол 2013, 2014, 2015 жылдары құраманы үш рет ¼ финалға, ал 2019 жылы Дэвис кубогының жаңа форматы бойынша финалдық кезеңге алып шықты.

«Ұлттық құраманы қайтадан басқару мен үшін үлкен құрмет, Болат Жамитұлына көрсеткен сенімі үшін ризашылығымды білдіремін.  Дэвис кубогы – ерекше турнир, онда тек шеберлік пен дене дайындығы ғана емес, сонымен бірге командалық рух, мінез, ел үшін жауапкершілік маңызды.  Бізде мықты ойыншылар бар, сондықтан менің міндетім – бірлік, сенім және барынша күш-жігер жұмсай білу ахуалын қалыптастыру», - деп атап өтті Диас Досқараев. 

Еске сала кетейік, 2026 жылғы 6-7 ақпанда Қазақстан өз алаңында Дэвис кубогының бірінші әлемдік тобы аясында Монако командасын қабылдайды. Ойындар Астана қаласындағы Beeline Arena ұлттық теннис орталығында өтеді.


Қазақстан теннисінің барлық оқиғаларынан хабардар болыңыз, сайттағы жаңалықтардан ақпарат алыңыз және Instagram, Facebook және YouTube арналарындағы әлеуметтік парақшаларымызға жазылыңыз.



Федерация серіктестері

Ақпараттық серіктестер