Қазақстан келешек мектептеріндегі теннис
06.01.2026 Оқылғаны: 669
Дереккөз:
Автор:
Дереккөз:
Автор:
Қазақстан теннис федерациясы елдің келешек мектептерінде «Теннис 10-ға дейін» бағдарламасын енгізуді бастады. 1-3 сынып оқушылары үшін бастау алған жоба тенниспен ерте жастан айналысу үшін жүйелі және қолжетімді жағдай жасауға бағытталған.
Қазіргі таңда бағдарлама екі келешек мектебінде жүзеге асырылып жатыр. Астанада №109 келешек мектебінде «Tennis for life» бағдарламасы аясында сабақтар басталды: мұнда қазірдің өзінде бірінші сыныптың 25-тен астам оқушысы тенниспен айналысуда. Тағы бір мектеп Петропавлда жобаға қосылды - №29 мектепте 10 баладан топ құрылды.
Жаттығу үдерісі кезең-кезеңмен белгіленген: сабақтар аптасына екі рет бір сағаттан өтеді. Келесі қадам – тоқсан сайын теннис фестивальдерін өткізу, содан кейін теннис орталықтары базасында балалардың турнирлерге қатысуы. Болашақта жас спортшылар республикалық және халықаралық жарыстарда өнер көрсете алады. Қазақстан теннис федерациясы ҚР Оқу-ағарту министрлігінің Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығымен бірлесіп «Теннис 10-ға дейін» бағдарламасын елдің барлық өңірінде таратуды жоспарлап отыр.
Сонымен қатар елде Baby Tennis бағдарламасы белсенді жүзеге асырылуда — қазірдің өзінде ол баланың бойында ең ерте жастан спорт мәдениеті мен тенниске деген қызығушылықты қалыптастыра отырып, бүкіл Қазақстан бойынша 128 балабақшаны қамтып үлгерді.
Қазақстан теннис федерациясы бүкіл ел бойынша спортты қолжетімді, бұқаралық және жайлы ету бағытында балалар теннисін дамытудың балабақшадан мектепке және жарыс деңгейіне дейінгі біртұтас жүйесін біртіндеп жасап келеді.

Қазақстан теннисінің барлық оқиғаларынан хабардар болыңыз, сайттағы жаңалықтардан ақпарат алыңыз және Instagram, Facebook және YouTube арналарындағы әлеуметтік парақшаларымызға жазылыңыз.