Маусымның жас чемпиондары: Астанада «Теннис 10-ға дейін» қорытынды турнирі аяқталды
24-28 қарашада Астанадағы Beeline Arena теннис орталығының корттарында 10 жасқа дейінгілер арасында қорытынды турнир мәресіне жетті.
Маусымның жарқын оқиғасына еліміздің мықты 8 ұл, 8 қыз теннисшісі жиналды.
Ұйымдастырушылар жас қатысушылар үшін нағыз кәсіби теннистің ахуалын жасауға тырысты: турнир беделді ATP/WTA Finals жарыстарына ұқсас етіп безендірілді. Ойыншылар үшін арнайы фотосессия өткізіліп, финалистер аренаға барлық жағдайы бар Lexus автокөліктерімен шығып, өздерін ірі әлемдік жарыстардағы ересек кәсіби теннисшілердей сезінді. Бәрі де тартымды, ересектерше болды.
Ұлдар арасындағы қорытынды
Әліби Сапар (Астана) өзінің бабында екендігін көрсетіп, тартысты финалдық матчта жеңіске жетіп, чемпион атанды.
Әліби турнирдің өзіне жарқын көңіл-күй ғана емес, баға жетпес тәжірибе сыйлағанын атап өтті.
Жақсы ойын өрнегін көрсеткен Марк Бондарев (Қарағанды) екінші орында.
Қола Расул Тлеофтың (Астана) еншісінде.
Бронза — у Расула Тлеофа (Астана).
Қыздар арасындағы қорытынды
Қыздар арасында турнирді сенімді де тұрақты өткізген Аружан Қауменова (Астана) жеңімпаз атанды. Финалдан кейін ол жақын-жуықтарының қолдауы мен қарсыластарының жоғары деңгейін сезінгенін атап өтті.
Күміс — София Подлеснаяның (Астана) еншісінде.
Үшінші орынға Варвара Панчеха (Лисаковск) ие болды.
Аралас жұптағы жеңімпаздар
1 орын: Әліби Сапар / Варвара Панчеха
2 орын: Арсений Горбач / Нұрайлын Есенәлі
3 орын: Әміре Хамитов / Алана Шаяхметова
Ұйымдастырудың жоғары деңгейі
Ұйымдастырушылар турнирдің жас спортшылардың дамуындағы маңызды кезең болғанын атап өтеді. Қатысушылар шын мәнісінде жоғары деңгейдегі жарыста тәжірибе жинақтап, жылдың басты финалының ахуалын сезініп, болашақ табыстарға тағы бір қадам жасады.
«Теннис 10-ға дейін» бағдарламасы бас әріптес Lexus компаниясының демеушілігі арқасында жүзеге асырылуда.
Кішкентай чемпиондар үшін 7/6 (Seven Six) теннис дүкені ерекше сыйлықтар әзірледі.
Балалар спорты мен болашақ чемпиондарды қалыптастыруға қаржы салған әріптестердің қолдауы нәтижесінде турнир өте жоғары кәсіби деңгейде өткізілді.
Жас теннисшілер Астанадан тек медальдар мен кубоктарды алып қана қайтқан жоқ, сонымен қатар жарқын көңіл-күйге бөленіп, нағыз ATP немесе WTA Finals додаларында кортқа шығуға деген арман-сенімдерін үкілеп оралды.

Қазақстан теннисінің барлық оқиғаларынан хабардар болыңыз, сайттағы жаңалықтардан ақпарат алыңыз және Instagram, Facebook және YouTube арналарындағы әлеуметтік парақшаларымызға жазылыңыз.
12.01.2026
ҚТФ баспасөз қызметі
08.01.2026
ҚТФ баспасөз қызметі