Мықтылар турнирі: Қазақстанның үздік жас теннисшілері маусым чемпиондарын анықтайды 

12.11.2025    Оқылғаны: 2618
Дереккөз: ҚТФ баспасөз қызметі
Автор:
Астана қаласындағы Beeline Arena теннис орталығының корттарында 24-28 қарашада кіші жас санатындағылар арасында маусымның басты оқиғасы – 10 жасқа дейінгі ойыншылардың қорытынды турнирі өтеді. Оған жыл бойы бүкіл ел бойынша 10 жасқа дейінгілер арасында мастерс жарыстарында ең тұрақты нәтиже көрсеткен үздік 8 ұл, 8 қыз бала қатысады. 

Осы жарыстың аналогы ретінде кәсібилер арасында жыл соңында әлемнің үздік теннисшілері кездесетін ATP және WTA қорытынды  турнирлерін айтуға болады. Енді жас қазақстандықтар да маусымның нағыз финалдық сәттерін сезіну мүмкіндігін алады.  

Ұлдар
Негізгі топ:

Марк Бондарев — Қарағанды
Арсений Горбач — Қарағанды
Әліби Сапар — Астана
Марсель Шобидинов — Алматы
Әміре Хамитов — Астана
Расул Тлеоф — Астана
Артем Пахомов — Петропавл
Николай Аникаев — Астана

Қосалқы ойыншы:
Бекзат Жантасов — Астана

Қыздар
Негізгі топ:

Варвара Панчеха — Лисаковск
Аружан Қауменова — Астана
София Подлесная — Астана
Нұрайлин Есенали — Алматы
Алана Шаяхметова — Қарағанды
Полина Дитц — Алматы
Амелия Ким — Алматы
Анаис-Ханум Азат — Астана

Қосалқы ойыншылар:
София Жулушева — Алматы
Айзия Қуандық — Астана

Ұйымдастырушылар атап өткеніндей, бұл турнир балалар теннисі мерекесі ғана емес, сонымен қатар жас спортшылардың шеберлігін ұштаудағы маңызды қадам болмақ. Қатысушыларды тартысты матчтар, жарқын көңіл-күй, марапаттар және, әрине, теннистің ұмытылмас сәттері күтеді.


Қазақстан теннисінің барлық оқиғаларынан хабардар болыңыз, сайттағы жаңалықтардан ақпарат алыңыз және Instagram, Facebook және YouTube арналарындағы әлеуметтік парақшаларымызға жазылыңыз.



Федерация серіктестері

Ақпараттық серіктестер