Павлодарда балалар арасында жарыс өтті

11.02.2014    Оқылғаны: 8812
Дереккөз: ҚТФ баспасөз қызметі
Автор:
 Павлодар қаласында «10 жасқа дейінгі теннис» бағдарлама аясында «Оранжевый мяч» атты балалар турнирі аяқталды.
  Жарысқа 7-8 жас аралығында 16 бала қатысты. Аталған жарыстың ақтық сынына Илья Ведмедь шықты. Ол жартылайфиналда Нұрай Сарбарбекпен ракетка байланыстырып, оны 7-3,7-0 есебімен сан соқтырды. Финалда Илья Эла Калашниковамен өнер көрсетті. Тартысты кездесуде Иья Калашникованы 7-2,7-5 есебімен жеңді. Жүлделі үшінші орынды Нұрай Сардарбек иеленді.

Қазақстан теннисінің барлық оқиғаларынан хабардар болыңыз, сайттағы жаңалықтардан ақпарат алыңыз және Instagram, Facebook және YouTube арналарындағы әлеуметтік парақшаларымызға жазылыңыз.

Федерация демеушілері мен серіктестері

Ақпараттық серіктестер