Александр Бублик жарақатына байланысты ATP 250 Almaty Open турниріне қатыса алмайды
Өкінішке орай Александр Бублик Ханчжоу қаласында АТР 250 жарысының финалында алған жарақатына байланысты Almaty Open турнирінде ойнай алмайды. Бұл жарақат оған Пекин мен Шанхайдағы жарыстарда толыққанды ойнауға мүмкіндік бермей, ол алғашқы айналымдарда жеңіліс табуына себеп болды.
Медициналық штаб Александрға жаттығулар мен жарыстарды азайтып, жарақаттың нақты сипатын анықтау және қажетті оңалту шараларын белгілеу үшін шұғыл тексеруден өтуді ұсынды.
Александр үшін Алматыдағы жарыс ерекше маңызды болғандықтан, ол бұл турнирде өнер көрсетуді қатты қалаған еді. Дегенмен, жарақатты асқындырып алмау үшін осындай шешім қабылданды.
Ол барлық жанкүйерлеріне қолдауы үшін алғыс білдіреді және жақын арада қайта жүздесуге үміттенеді.
Александр Бублик «өз еліңде ойнау - ерекше жауапкершілік және үлкен серпіліс. Өз жанкүйеріңнің қолдауы қашанда зор күш береді» деп үнемі атап көрсетеді.

Қазақстан теннисінің барлық оқиғаларынан хабардар болыңыз, сайттағы жаңалықтардан ақпарат алыңыз және Instagram, Facebook және YouTube арналарындағы әлеуметтік парақшаларымызға жазылыңыз.
17.11.2025
ҚТФ баспасөз қызметі