Астанада арбадағы теннистен Қазақстан чемпионатының ашылу салтанаты өтті
Бүгін елордалық «Дәулет» теннис орталығында арбадағы теннистен Қазақстан Республикасының чемпионатының салтанатты ашылу рәсімі өтті.
Іс-шараға Дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлау орталығының директоры Болатбек Дукетаев және Қазақстан теннис федерациясының вице-президенті Диас Досқараев қатысып, жарысқа келген спортшыларға сәттілік тіледі.
«Қазақстанда арбадағы теннис 2021 жылдан бері дамып келеді және ел чемпионатының бесінші рет өткізілуі осы бағыттағы ілгерілеудің маңызды көрсеткіші болып табылады. Салыстырмалы түрде қысқа уақыт ішінде біз қажетті бұқаралық деңгейді қалыптастыра алдық: бүгінде еліміздің түкпір-түкпірінде 100-ден астам спортшы осы спорт түрімен айналысады. Қатысушылар санының артуы бәсекелестікті күшейтіп, спортшылардың шеберлік деңгейінің өсуіне ықпал етуде.
Қазіргі таңда қазақстандық 15 арбадағы теннисші әлемдік рейтингте тіркелген, олардың төртеуі әлемнің үздік 150 ойыншысының қатарына кіреді. Бұл – спортшылардың өз еңбегінің, олардың жоғары нәтижеге ұмтылысы мен табандылығының жемісі. Сондай-ақ бұл балаларын күн сайын қолдап жүрген ата-аналардың, жаттықтырушылардың кәсіби жұмысының, Спорттық даярлау орталығының, Паралимпиадалық комитеттің және мемлекеттік органдардың бірлескен еңбегінің нәтижесі.
Мемлекет инклюзивті спортты дамытуға ерекше көңіл бөліп келеді. Өз кезегінде арбадағы теннисті үйлестіретін Қазақстан теннис федерациясы бұл бағыттың одан әрі дамуына мүдделі. Біз арбадағы теннистің еліміздің барлық өңірлерінде дамуын, спортпен шұғылданушылар санының артуын, жаттықтырушылардың даярлануын және спортшылардың корттарға қолжетімділік пен халықаралық турнирлерге қатысу үшін қажетті қаржыландыру мүмкіндігіне ие болуын қалаймыз», – деді Қазақстан теннис федерациясының вице-президенті Диас Досқараев.
Айта кетейік, ел біріншілігіне Ақтөбе, Атырау, Қарағанды, Қызылорда және Маңғыстау облыстарынан, сондай-ақ Астана мен Алматы қалаларынан келген 40-қа жуық спортшы қатысуда.Жарыс ерлер, әйелдер және микст санаттары бойынша Open және Quad кластарында өтеді.

Қазақстан теннисінің барлық оқиғаларынан хабардар болыңыз, сайттағы жаңалықтардан ақпарат алыңыз және Instagram, Facebook және YouTube арналарындағы әлеуметтік парақшаларымызға жазылыңыз.