Қазақстандық теннисшілер Олимпиаданың тағы бір жолдамасына ие болды

29.06.2021    Оқылғаны: 387
Дереккөз: ҚТФ баспасөз қызметі
Автор:
Қазақстандық теннисшілер Олимпиаданың тағы бір жолдамасына ие болды, деп хабарлайды ҚТФ баспасөз қызметі.

Елена Рыбакина мен Ярослава Шведова Токиода жұптық сында өнер көрсететін болды. Осылайша қазақстандық теннисшілер жеті лицензияны иеленіп отыр. Бұл Қазақстан теннисі үшін рекордтық көрсеткіш болып табылады. Бұған дейін Олимпиадаларда теннисшілер еншісінде ең көбі төрт жолдама болған еді. Токиода Александр Бублик, Михаил Кукушкин, Елена Рыбакина, Юлия Путинцева және Ярослава Шведова жекелей сында додаға түспек. Ал жұптық сында А.Бублик пен Андрей Голубев, Е.Рыбакина мен Я.Шведова ел намысын қорғайды. Олимпиадалық теннис турнирі 24 шілде – 1 тамыз аралығында өтеді.


Қазақстан теннисінің барлық оқиғаларынан хабардар болыңыз, сайттағы жаңалықтардан ақпарат алыңыз және Instagram, Facebook және YouTube арналарындағы әлеуметтік парақшаларымызға жазылыңыз.

Федерация демеушілері мен серіктестері

Ақпараттық серіктестер