Ярослава Шведова: Олимпиадаға қатысып, ел намысын қорғау – зор мәртебе

22.06.2021    Оқылғаны: 190
Дереккөз: ҚТФ баспасөз қызметі
Автор:
Теннистен Қазақстан әйелдер құрамасының капитаны Ярослава Шведова Токио Олимпиадасы қарсаңында өз ой-толғамымен бөлісті, деп хабарлайды ҚТФ баспасөз қызметі.

Бұл Я.Шведованың спорттық жолындағы үшінші Олимпиадасы болмақ. Ярослава Шведова Олимпиадаға қатысып, ел намысын қорғау зор мәртебе екендігін, қазіргі кезде оған қызу дайындалып жатқанын жеткізді.

«Олимпиаданы «Үлкен дулыға» турнирлерімен салыстыруға болмайды. Өйткені бұл дүниежүзілік дода төрт жылда бір рет өтеді. Оған іріктеуден өтудің өзі қиын. «Үлкен дулыға» жарыстарында әр спортшы өзі үшін, ал Олимпиадада елі үшін сынға түседі. Сондықтан жауапкершілік ауқымы да үлкен. Халық үшін, Қазақстан олимпиадалық құрамасы үшін жарыс алаңына шығу оңай емес. Міне, осы елдік намыс бізді алға жетелейді, жүлде үшін күресуге ынталандырады. Қазақстан туы астында додаға түскен сайын ерекше сезімге бөленесің, тек жеңу ғана ойыңда тұрады», деді Я.Шведова.


Қазақстан теннисінің барлық оқиғаларынан хабардар болыңыз, сайттағы жаңалықтардан ақпарат алыңыз және Instagram, Facebook және YouTube арналарындағы әлеуметтік парақшаларымызға жазылыңыз.

Федерация демеушілері мен серіктестері

Ақпараттық серіктестер