Елена Рыбакина Аделаида турнирінің финалына шықты

09.01.2022    Оқылғаны: 1056
Дереккөз: ҚТФ баспасөз қызметі
Автор:
Қазақстанның бірінші, әлемнің 14-ракеткасы Елена Рыбакина Аделаида WTA 500 турнирінің финалына шықты, деп хабарлайды ҚТФ баспасөз қызметі. 

Қазақстандық теннисші жартылай финалда дүниежүзілік рейтингте 105-рейтингте тұрған жапониялық Мисаки Доимен кездесті. Бірінші партияда қазақстандық теннисші 6:4 есебімен басым түсті. Екінші сетте есеп 3:3 болған мезетте Елена тағы бір брейк жасады. Сосын матчты тағы бір брейкпен тәмамдады - 6:3. 

Елена жүлде қоры 535 мың АҚШ долларына бағаланған жарыстың финалында әлемнің 1-ракеткасы, аустралиялық Эшли Бартимен кездеседі.


Қазақстан теннисінің барлық оқиғаларынан хабардар болыңыз, сайттағы жаңалықтардан ақпарат алыңыз және Instagram, Facebook және YouTube арналарындағы әлеуметтік парақшаларымызға жазылыңыз.



Федерация серіктестері

Ақпараттық серіктестер