Елена Рыбакина Аделаида турнирінің ширек финалына шықты

05.01.2022    Оқылғаны: 1324
Дереккөз: ҚТФ баспасөз қызметі
Автор:
Қазақстанның бірінші, әлемнің 14-ракеткасы Елена Рыбакина Аделаида (Аустралия) WTA 500 турнирінің ширек финалына шықты, деп хабарлайды ҚТФ баспасөз қызметі.

Жарыстың 7-ракеткасы болып тіркелген Е.Рыбакина екінші айналымда дүниежүзілік рейтингте 90-орында тұрған чехиялық Мария Боузковамен шеберлік байқасты. Бірінші партияда қазақстандық теннисші 3:1 есебімен алға кетті. Сет біткенше сол басымдылығынан айырылған жоқ – 6:3. Елена екінші сетті брейкпен бастады – 2:0. Сосын қарсыласына еш мүмкіндік берген жоқ – 6:4. Бәсеке сағат жарымнан астам уақытқа созылды.

Рыбакина жүлде қоры 535 мың АҚШ доллары тұратын доданың жартылай финалына шығу үшін рейтингте 40-сатыдағы америкалық Шелби Роджерспен таласады.


Қазақстан теннисінің барлық оқиғаларынан хабардар болыңыз, сайттағы жаңалықтардан ақпарат алыңыз және Instagram, Facebook және YouTube арналарындағы әлеуметтік парақшаларымызға жазылыңыз.



Федерация серіктестері

Ақпараттық серіктестер