Елена Рыбакина әлемдік рейтингіде үздік ондыққа жақындады

10.01.2022    Оқылғаны: 838
Дереккөз: ҚТФ баспасөз қызметі
Автор:
Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина жаңартылған әлемдік рейтингіде 13-орынға көтерілді, деп хабарлайды ҚТФ баспасөз қызметі.

қазақстандық спортшы өзінің рекордтық көрсеткішіне қол жеткізіп, үздік ондыққа жақындады. Тағы бір қазақстандық Юлия Путинцева 43-сатыда болса, Зарина Дияс 102-ден 108-ге сырғыды.

Жұптық сында Е.Рыбакина 50-ден 52-ге төмендесе, Анна Данилина 75-орында қалды. Жібек Құламбаева бірден 56 саты жоғарылап, 319-орынға жайғасты.

Ерлер арасында Қазақстанның бірінші ракеткасы Александр Бублик 35-орында болса, Дмитрий Попко 180-нен 177-ге, Михаил Кукушкин 182-ден 180-ге көтерілді. Жұптық сында Андрей Голубев 27-інші, Мельбурн турнирінің финалына шыққан Александр Недовесов 69-орынға орнықты.


Қазақстан теннисінің барлық оқиғаларынан хабардар болыңыз, сайттағы жаңалықтардан ақпарат алыңыз және Instagram, Facebook және YouTube арналарындағы әлеуметтік парақшаларымызға жазылыңыз.



Федерация серіктестері

Ақпараттық серіктестер