Александр Недовесов Мельбурн турнирінің финалына дейін жетті

10.01.2022    Оқылғаны: 914
Дереккөз: ҚТФ баспасөз қызметі
Автор:
Қазақстандық Александр Недовесов жұптық сында спорттық жолында алғаш рет ATP 250 турнирінің финалына дейін жетті, деп хабарлайды ҚТФ баспасөз  қызметі.

Недовесов пәкстандық Айшам Курешимен бірге Melbourne Summer Set жарысының алтыншы ракеткалары болып тіркелді. Қазақстандық-пәкстандық жұп финалда осы доданың 1-ракеткалары, нидерландылық Уэсли Коольхоф - ұлыбританиялық Нил Скупскимен бас жүлдені сарапқа салып, 4:6, 4:6 есебімен жол берді. Недовесов пен Куреши сағат жарымға жуық уақытқа созылған бәсеке барысында 2 эйс жасап, 2 брейкке қол жеткізді. Бұл А.Недовесовтің ATP турнирлеріндегі алғашқы финалы еді.



Қазақстан теннисінің барлық оқиғаларынан хабардар болыңыз, сайттағы жаңалықтардан ақпарат алыңыз және Instagram, Facebook және YouTube арналарындағы әлеуметтік парақшаларымызға жазылыңыз.



Федерация серіктестері

Ақпараттық серіктестер