Елена Рыбакина Аделаида турнирінде жеңіліп қалды

10.01.2022    Оқылғаны: 912
Дереккөз: ҚТФ баспасөз қызметі
Автор:
Қазақстанның 1-інші, әлемнің 14-ракеткасы Елена Рыбакина Аделаида (Аустралия) турнирінің финалында жеңіліп қалды, деп хабарлайды ҚТФ баспасөз қызметі.

Қазақстандық теннисші финалда әлемнің 1-ракеткасы, аустралиялық Эшли Бартимен шеберлік байқасты. Бұл ойында аустралиялық теннисші 6:3, 6:2 есебімен жеңіске жетті. Елена финалда есе жібергенімен, бұл додада өте табысты өнер көрсетті. Аустралия ашық чемпионаты алдындағы бәсекеде оның финалға жетуін үлкен жетістік деп бағалауға болады.


Қазақстан теннисінің барлық оқиғаларынан хабардар болыңыз, сайттағы жаңалықтардан ақпарат алыңыз және Instagram, Facebook және YouTube арналарындағы әлеуметтік парақшаларымызға жазылыңыз.



Федерация серіктестері

Ақпараттық серіктестер