Юлия Путинцева Қазақстан – Аргентина матчын жеңіспен бастады

17.04.2021    Оқылғаны: 496
Дереккөз: ҚТФ баспасөз қызметі
Автор:
Аргентинаның Кордова қаласында Билли Джин Кинг кубогының плей-офф кезеңінде Қазақстан – Аргентина матчы басталды, деп хабарлайды ҚТФ баспасөз қызметі.

Алғашқы болып кортқа Қазақстаннан әлемнің 30-ракеткасы Юлия Путинцева, Аргентинадан дүниежүзілік рейтингте 45-орында тұрған Надя Подороска шықты. Өткен жылы Ролан Гаррос турнирінің жартылай финалына дейін жеткен Н.Подороска сол додада Ю.Путинцеваны да ұтып кеткен болатын. Бұл жолы бірінші партияда аргентиналық теннисші басымдылық көрсетті – 6:2. Екіншісінде қазақстандық спортшы есе қайырды – 6:4. Үшінші, шешуші сетте Ю.Путинцева қарсыласына бірде-бір гейм берген жоқ – 6:0. Бәсеке екі сағаттай уақытқа созылды. Осылайша Н.Подороскаға Парижде кеткен есесін қайтарған Юлия Қазақстанды алға шығарды. Есеп – 1:0.


Қазақстан теннисінің барлық оқиғаларынан хабардар болыңыз, сайттағы жаңалықтардан ақпарат алыңыз және Instagram, Facebook және YouTube арналарындағы әлеуметтік парақшаларымызға жазылыңыз.

Федерация демеушілері мен серіктестері

Ақпараттық серіктестер