Қазақстан Президенті жаңадан салынған «Эйс» теннис орталығын ашты
Мемлекет басшысы Қазақстанда теннисті дамыту үшін 10 жыл ішінде барлық жағдай жасалғанын атап өтті. Корттар саны төрт есе өсіп, 60-тан 244-ке жетті, сондай-ақ тенниспен айналысатын спортшылар саны жыл сайын артып келе жатыр.
– Теннис спорты тиісті инфрақұрылым болғанда ғана дамиды. Әр өңірде балалар спортпен шұғылданып, биіктерді бағындыруы үшін әлемдік стандартқа сай теннис орталықтары салынуға тиіс. Осы теннис орталығында жаттығатын спортшылар әлемдік деңгейдегі жұлдыздарға айналады деп үміттенемін, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.
Елбасы жас теннисшілермен әңгімелесу барысында әрдайым жеңіске деген сенімдерінің берік болуына, жігерлілік пен спорттық шеберлік арқылы алға қойған мақсаттарына жетулеріне ниеттестік білдірді.
Жалпы көлемі 8100 шаршы метр болатын «Эйс» теннис орталығында «хард» қатты жабындысы төселген 4 жабық және 6 ашық корт бар. Сондай-ақ, мұнда 2 тренажер залы, медициналық пункт, киім ауыстыратын бөлмелер, нұсқаушылар кабинеттері, конференц-зал, тамақтану орындары орналасқан. Мұнда бір мезетте күніне 500 адам жаттыға алады. Барлық корт халықаралық талаптарға сай келетін жарық беру жүйесімен қамтамасыз етілген. Бұл жаз мезгілінде «ATP Challenger» деңгейіндегі турнирлерді өткізе алатын Алматыдағы бірден-бір теннис орталығы.
Алматы әкімдігінің тапсырысы бойынша, «Эйс» теннис орталығында 80 бала тегін жаттығады. Сондай-ақ, жағдайы төмен отбасыларға тенниспен айналысу үшін 50% жеңілдіктер беріледі. Ал талантты балалар тегін тенниспен шұғылданады деп жоспарлауда.
Заманауи кешен Теннис федерациясының есебінен салынған. Жеке инвестиция көлемі – 1 млрд. 700 мың теңге.
Қазақстан теннисінің барлық оқиғаларынан хабардар болыңыз, сайттағы жаңалықтардан ақпарат алыңыз және Instagram, Facebook және YouTube арналарындағы әлеуметтік парақшаларымызға жазылыңыз.
30.11.2024
ҚТФ баспасөз қызметі
25.11.2024
ҚТФ баспасөз қызметі
21.11.2024
ҚТФ баспасөз қызметі
18.11.2024
ҚТФ баспасөз қызметі