Болат Өтемұратов Қазақстан Теннис Федерациясының Президенті болып қайта сайланды
6-7 желтоқсан күні Астанада теннис федерациясының есеп-беру -сайлау конференциясы өтті.
Алқалы басқосуда, Болат Өтемұратов Қазақстан Теннис Федерациясының президенті болып қайта сайланды.Сонымен қатар, әр 4 жылда өткізілетін қорытынды жиналыс барысында, Әділ Бөрлібаев та төрағаның орынбасары болып қайта бекітілді.
Конференцияда Федерацияның соңғы жылдары атқарған іс-шаралары мен жетістіктері баяндалды. Сондай-ақ, елімізде теннисті дамыту барысында қолбайлау болып отырған өзекті мәселелерді ортаға салып, федерацияның келер жылы ұйымдастыратын жарыстар жайы талқыланған болатын.
Жиналыс барысында болашағынан үміт күттіретін балғындарға грант үлестірді.Атап өтсек, қыздардан Жұмамұхамедова Асель мен ұлдардан Корбалин Глебтің ойындары жоғары бағаланып, әрқайсысына 10 мың АҚШ доллары көлемінде грант берілді.
Қазақстан теннисінің барлық оқиғаларынан хабардар болыңыз, сайттағы жаңалықтардан ақпарат алыңыз және Instagram, Facebook және YouTube арналарындағы әлеуметтік парақшаларымызға жазылыңыз.
30.11.2024
ҚТФ баспасөз қызметі
25.11.2024
ҚТФ баспасөз қызметі
21.11.2024
ҚТФ баспасөз қызметі
18.11.2024
ҚТФ баспасөз қызметі