Елена Рыбакина Қазақстан – Германия матчында есепті 2:0-ге жеткізді

15.04.2022    Просмотры: 812
Источник: Пресс-служба ФТК
Автор:
Қазақстанның бірінші, әлемнің 19-ракеткасы Елена Рыбакина дүниежүзілік рейтингте 232-орында тұрған Лаура Зигемундпен сынға түсті.

Рыбакина 22 жаста болса, германиялық теннисші 34-те. Осыған дейін қарсыластар үш мәрте кездесіп, соның екеуінде қазақстандық теннисші жеңген еді. Бұл жолы Елена бірінші партияда Лаураны бірде-бір гейм бермей, 22 минутта 6:0 есебімен тізе бүктірді. Екінші сетті германиялық спортшы брейкпен бастағанымен, Елена таразы басын таразы басын сол бойда теңестіріп қана қоймай, есепті 5:1-ге жеткізді. Сосын матчқа доп бергенде қарқынын бәсеңдеткен жоқ - 6:1.

Осылайша, есеп – 2:0, Қазақстанның пайдасында. Қазақстан – Германия матчы ертең жалғасады. Қазақстандықтарға қалған кездесулерде бір ұпай алса, жетіп жатыр. Өз тарихында алғаш рет Билли Джин Кинг кубогының финалдық кезеңіне жолдама алады.


 



Будьте в курсе всех событий казахстанского тенниса, следите за новостями на нашем сайте и подписывайтесь на наши социальные сети Instagram, Facebook и YouTube канал.



Партнеры Федерации

Информационные партнеры