Дэвис кубогы финалына қатысатын Қазақстан құрамасы анықталды

26.10.2021    Оқылғаны: 185
Дереккөз: ҚТФ баспасөз қызметі
Автор:
Испания астанасы Мадридте өтетін Дэвис кубогы финалына қатысатын Қазақстан құрамасы анықталды, деп хабарлайды ҚТФ баспасөз қызметі.

Юрий Щукин бастаған бапкерлік құрам шешуші бәсекеде мына ойыншыларға сенім артты. Александр Бублик (әлемнің 34-ракеткасы), Михаил Кукушкин (159-орын), Дмитрий Попко (162-орын), Андрей Голубев (жұптық сында 35-орын), Александр Недовесов (жұптық сында 76-орын). Қазақстан құрамасы В тобында Канада және Швеция теннисшілерімен сынға түседі. 27 қараша күні Қазақстан мен Швеция матчы өтеді. Келесі күні қазақстандықтар 2019 жылы Дэвис кубогының финалына дейін жеткен Канада құрамасымен кортқа шығады. Дэвис кубогының финалдық матчтары алғаш рет Инсбрук, Мадрид және Турин қалаларында бір мезгілде өтеді. Жарыста алты топқа бөлінген 18 команда бақ сынайды. Әр топтың жеңімпаздары мен екінші орын алғандар ішінен екі үздік құрама ширек финалға жолдама алады. Жартылай финалға өткендер жүлделі орындар үшін таласумен бірге 2022 жылдың финалдық кезеңіне қатысу құқығына да ие болады. Дэвис кубогы 1900 жылдан бері жыл сайын өткізіліп келеді. Жеңістер жөнінен АҚШ құрамасы (32) алда тұр. Ал осыған дейінгі додада испаниялықтар үздік шыққан болатын.


Қазақстан теннисінің барлық оқиғаларынан хабардар болыңыз, сайттағы жаңалықтардан ақпарат алыңыз және Instagram, Facebook және YouTube арналарындағы әлеуметтік парақшаларымызға жазылыңыз.

Федерация демеушілері мен серіктестері

Ақпараттық серіктестер