Недовесов Антверпен турнирінің жартылай финалына шықты

21.10.2021    Оқылғаны: 170
Дереккөз: ҚТФ баспасөз қызметі
Автор:
Қазақстандық Александр Недовесов жұптық сында Антверпен (Бельгия) ATP 250 турнирінің жартылай финалына шықты, деп хабарлайды ҚТФ баспасөз қызметі.

А.Недовесов украиналық Денис Молчановпен бірге әуелі даниялық Фредерик Нильсен - хорватиялық Матей Шабановпен кездесті. Қазақстандық-украиналық жұп 6:4, 6:4 есебімен жеңіске жетті. Бүгін ширек финалда аргентиналық Федерико Дельбонис - испаниялық Давид Вега-Эрнандеспен кортқа шықты. Бірінші партияда Недовесов пен Молчанов басымдылық көрсетті - 6:3. Содан кейін аргентиналық-испаниялық жұп матчты жалғастырудан бас тартты. А.Недовесов пен Д.Молчанов финалға шығу үшін жарыстың 2-ракеткалары, франциялықтар Николя Маю - Фабрис Мартенмен таласады.


Қазақстан теннисінің барлық оқиғаларынан хабардар болыңыз, сайттағы жаңалықтардан ақпарат алыңыз және Instagram, Facebook және YouTube арналарындағы әлеуметтік парақшаларымызға жазылыңыз.

Федерация демеушілері мен серіктестері

Ақпараттық серіктестер