Қамқор болу дәстүрге айналды

19.09.2021    Оқылғаны: 175
Дереккөз: ҚТФ баспасөз қызметі
Автор:
Қазақстан Теннис Федерациясы «Клуб Добряков Астана» жобасымен бірге иесіз жануарларға арналған паналау үйін қолдаудың жақсы дәстүрін жалғастырып отыр. ATP 250 Astana Open турниріне қатысатын теннис жұлдыздары - Джон Миллман, Андрей Голубев, Тимофей Скатов және Джауме Муньяр Ұлттық теннис орталығының кортында иесіз жануарлармен суретке түсті. Иттер мен мысықтар сүйіспеншілік пен қамқорлыққа ие болды, доп ойнады және теннисшілермен жақсы уақыт өткізді деуге болады.

Джон Миллман (Аустралия):
«Мен өзім төрт аяқтылардың ортасында өстім. Біз үйде мысықтар мен иттер асырайтынбыз. Менің ойымша, жануарларға қамқорлық жасау және оларға көмектесу - өте маңызды нәрсе. Олар біздің сүйкімді, ақылды достарымыз».

Тимофей Скатов (Қазақстан):
«Достар, жануарларға қолдау көрсетейік. Мен жан-жануарды асырап алған адамның оларға жауапкершілікпен қарауын қалаймын. Төртаяқтыларға қамқорлық жасау - үлкен жауапкершілік, егер оны асырап алсаңыз, демек оны бағуға да міндеттеме алыңыз, оларды тастап кетуге обал ғой. Өйткені, олар біздің кіші «бауырларымыз».

Джауме Муньяр (Испания):
«Қаңғыбас жануарлар мәселесіне назар аудару өте маңызды дүние. Менің үйде төртаяқты «достарым» бар, жануарларды өте жақсы көремін. Олармен ерекше эмоциялы байланысым бар. Мысықтармен көп уақыт өткіземін, осындай мүмкіндікке ие болғаныма ризамын. Жануарлар - біздің өміріміздің бір бөлігі. Олар - біз сияқты жаратылыстар, тек бізден кіші олар. Сондықтан қамқорлық жасап, көмектесуіміз керек».

Андрей Голубев (Қазақстан):
«Мен барлық қазақстандыққа бұл турнирде біздің спортшыларды қолдаумен қатар, кіші «бауырларымызды» да қолдаңыздар дегім келеді. Егер сіз жақсы «дос» тапқыңыз келсе, оны жануарларды уақытша паналататын компанияның көмегіне жүгіне аласыз. Жануарлар біздің көмегімізге мұқтаж».
 
Касимова Жасмин, «Клуб Добряков Астана» өкілі:
«Бүгінгі акция жануарлар біздің өміріміздің бір бөлігі екенін көрсетуге арналған, оларды елемеуге болмайды, зорлық-зомбылыққа да жол жоқ. Атақты спортшылардың жануарларды жақсы көретінін және қайырымдылық шараларына қатысатынын көріп разы боламыз. Олар өзгелерге осылай да үлгі болып отыр. Бұл мысықтар мен иттерді жануарларды уақытша паналататын жерден әкелдік, оларды көшеде табамыз, бұрынғы иелері тастап кеткен. Біз олардың жаңа орын мен сүйіспеншілікке толы отбасыларлардың бір мүшесі болатынына сенімдіміз. Біздің әрқайсымыз жануарларды уақытша паналататын орындарға көмектесе аламыз, мысалы, азық -түлік, дәрі -дәрмек әкеліп немесе жай ғана келіп, тазалауға көмектесуге болады. Жануарлар көп, шамамен 10 мыңға жуық, және олардың бәрі бір күні өз иелерін табамыз деп үміттенетін шығар».
 
Фот жобаға «СтопОтлов» қалалық үй жануарларын уақытша паналататын компаниясы қатысты. Нұр-Сұлтан қаласының тұрғындары төртаяқтылрға қамқорлық сыйлауға мүмкіндік алып отыр. @vd_stopotlov сайтына кіріп. Үй жануарларымен танысып, таңдауға болады

Astana Open ATP250 / WTA250 турнирлерінің бас демеушілері:
Kazzinc, ForteBank
Ресми серіктестер: The Ritz-Carlton Astana, Aqua Rossa, MasterCard, Technogym

Қазақстан теннисінің барлық оқиғаларынан хабардар болыңыз, сайттағы жаңалықтардан ақпарат алыңыз және Instagram, Facebook және YouTube арналарындағы әлеуметтік парақшаларымызға жазылыңыз.

Федерация демеушілері мен серіктестері

Ақпараттық серіктестер