Beeline Open Challenger 80 Almaty


 

Алматыда «ЦСКА» теннис орталығының корттарында ATP Challenger Tour сериясының екі халықаралық турнирі өтеді: 6-13 маусым аралығында - «Beeline Open Challenger 80 Almaty» және 13-19 маусым аралығында - «Beeline Business Challenger 80 Almaty». Жарыстардың жалпы жүлде қоры 104 160 АҚШ долларын құрайды, деп хабарлайды ҚТФ баспасөз қызметі.
 
Оған әлемдік рейтингтің ТОП-200 ойыншылары қатысады. Қазақстан намысын Дмитрий Попко, Денис Евсеев, Тимофей Скатов, Достанбек Ташбулатов, Григорий Ломакин және басқалар қорғайды.
 
«Бұл сайыстар Қазақстан теннис Федерациясы үшін өте маңызды, өйткені ол біздің жастардан кәсіби тенниске ауысатын жетекші ойыншыларымызға жарысқа қатысып өздерінің шеберліктерін көрсетуге мол мүмкіндік береді. Скатов, Ташбулатов және Ломакин сияқты ойыншылар қазірдің өзінде ірі халықаралық турнирлерде ойнайды. Алматыда «ЦСКА» теннис орталығының корттарында қатарынан екі рет өтетін жарыс оларға, әрине, шағын болса да, қосымша демеу береді, өйткені олар бұл корттағы топырақты және онда қалай ойнауды біледі. Сонымен қатар, қазақстандық ойыншылар үшін бұл елден шықпай-ақ қажетті ұпайлар мен тәжірибе алу мүмкіндігі. Сондай-ақ, шетелдік ойыншылар үшін дәстүрлі түрде біздің турнирлер маңызды болып табылады, өйткені жарыстарды біз жоғары деңгейде ұйымдастыратынымызды барлығы біледі. Пандемия жағдайында әрдайым қауіпсіздік қамтамасыз етіледі, біз оны бірнеше рет дәлелдедік. Осы екі турнирдің мүмкіндігін пайдалана отырып біздің «ЦСКА» базамызды халықаралық деңгейге көтереміз деп үміттенеміз»- деп атап өтті Қазақстан теннис федерациясының вице-президенті Юрий Польский.
 
Турнирді өткізу кезінде жоғары санитарлық-эпидемиологиялық шараларды ескере отырып, ойындар көрермендерсіз және қатаң хаттама аясында өтеді.
 
Барлық матчтардың тікелей эфирін сайттан көруге болады WWW.KTF.KZ.
 
Турнирлердің бас демеушісі – «Beeline».
Ресми серіктестер – «Kazzinc», «Samruk Kazyna», «Aqua Rossa», «BMW Kazakhstan», «Давай Сходим».

Федерация серіктестері

Ақпараттық серіктестер