Жоба туралы

2008 жылдың 1 маусымында Қазақстан теннис федерациясының президенті Болат Жамитұлы Өтемұратовтың бастамасы бойынша «Team Kazakhstan» құрылды.

«Team Kazakhstan» жобасы перспективалы қазақстандық спортшылардыңшеберліктерін арттыру арттыру мақсатында жаттықтыруға бағытталған.Академияның басты мақсаты Davis Cup және Fed Cup ұлттық командаларының болашақ қатысушыларын тәрбиелеу болып табылады. Жоба спортшы үшін барлық жағдайды қамтамасыз ететін теннис академиясы: халықаралық және республикалық деңгейдегі турнирлерге қатысу, әлемдік жетекші мамандармен жаттығу процесі, білім беру, тұру, тамақтану, медициналық қызмет көрсету, әлеуметтік бейімделу.

Білім беру спортшыларды даярлау процесінде екінші орынға шықпайды, өйткені толыққанды адам тұлғасын қалыптастырудың ажырамас бөлігі болып табылады.Жақсы спортшыойлы, жан-жақты спортшы.«Team Kazakhstan» академиясының қатысушылары Ақан Құрманов атындағы №17 мектеп-гимназиясының гимназиялық сыныптарында лингвистикалық бағытта білім алды. 2008 жылы 12-17 жас аралығындағы ең перспективалы жасөспірімдер қабылданды.Бірінші жаттығу сабағы 2008 жылдың 6 маусымында өткізілді. 2008 жылдың қыркүйек айының басында «Team Kazakhstan» тәрбиеленушілері мен бапкерлер құрамы АҚШ-қа спортшылар мен жаттықтырушылардың шеберлік деңгейін арттыру үшін «Gorin Tennis Academy» академиясына үш айға жіберілді.