Турнир туралы

Қазақстан Президентінің кубогі (ағылш. President's Cup) Challenger туры аясында ITF және ATP аясында өткізілетін кәсіби халықаралық теннис турнирі. Жарыстар Астана қаласында, US Open турниріне дайындық ретінде Азия турнирлерінің қатарына еніп, шілде айының аяғында өтеді.

Жарыс 2007 жылы ерлер турнирі ретінде ұйымдастырылды, бірақ 2009 жылдан бастап осы атаумен әйелдер арасында да жарыстар өткізіледі, алайда 2011 жылға дейін ерлер мен әйелдер турнирі мерзімі бойынша бөлінген болатын: әйелдер турнирі  жаздың ортасында, ал ерлер турнирі күздің соңында өткізіледі.

Ерлер турнирі бірінші жылдан бері беделді мәртебеге ие болды және көптеген мықты теннисшілерді жинады (Challenger категориясындағы жарысқа қатысушылардың өлшемі бойынша), ал әйелдер турнирі жергілікті сипатта болды және өз құрамында біршама жоғары рейтингті спортшылар сирек болды. Барлығы 2011 жылы астаналық турнир Бакудегі WTA турнирі мен Пекиндегі ITF 75-мыңыншы турнир арасындағы күнтізбеде сәтті орын алғаннан ауысты.