Жоба туралы

Қазақстандық теннис туры (ҚТТ) – Қазақстан Теннис федерациясының басшылығымен өткізілетін Қазақстандағы теннис бойынша жарыс жүйесі. Қазақстандық теннис туры қызметін келесі бағыттар бойынша жүзеге асырады:
  • Жарыстар күнтізбесін құрайды;
  • Жасөспірімдер мен қыздар, ерлер мен әйелдер арасындағы чемпионат(тар) туралы ережелерді және ҚТТ регламентін әзірлейді;
  • Жарыстарды ұйымдастыру мен өткізуді жетілдіруге ықпал ететін нормативтік құжаттар мен әдістемелік материалдарды әзірлейді;
  • ҚР Спорт және дене шынықтыру істері агенттігімен және Қазақстан Республикасының облыстық және қалалық орталықтарының дене шынықтыру-спорт ұйымдарымен бірлесіп, Қазақстан чемпионаттарын ұйымдастырады және өткізеді;
  • ҚТТ турнирлерін, ардагерлер мен әуесқойлар жарыстарын ұйымдастыруға және өткізуге ықпал етеді;
  • ҚТТ ережесіне сәйкес төрешілер алқасының қызметін қамтамасыз етеді;
  • Қазақстанда жарыстарды ұйымдастыру және өткізу сапасын арттыру үшін ҚТТ төрешілерінің семинарларын ұйымдастырады және өткізеді;
  • Ойыншылардың және олардың өкілдерінің ҚТТ регламентін, ойын ережелерін және жарыстарды өткізу туралы ережелерді ұйымдастырушылар мен бас төрешілердің бұзушылықтарына шағымдары мен наразылықтарын,сондай-ақ ойыншылардың Ойыншы кодексін және төрешілердіңТөреші кодексін бұзуын белгіленген тәртіппен қарайды және олар бойынша пәрменді шаралар қабылдайды;
  • ҚТТ турнирлерінде және ресми халықаралық жарыстарда қазақстандық ойыншылардың нәтижелерін ескереді және қазақстандық теннисшілердің рейтингісін жүргізеді.
  Қазақстан Республикасының аумағында қазақстандық теннис турымен өткізілетін турнирлер:
 
  • President's Cup (ATP Challenger Tour и ITF Women's)
  • 12 жасқадейінгіжәне 14 жасқадейінгі Қазақстан Кубогі
  • ATP Challenger Tour турнирлері
  • ITF Futures және ITF Women's турнирлері
  • 12&under Asian Team Competition Final
  • Қазақстан чемпионаты және Жасөспірімдер біріншілігі
  • Davis Cup және Fed Cup
  • Masters 10&under және 12&under
  • Gold 14&under және 16&under
  • ATF Junilor 14&under
  • ITF Junior