Қазақстан Франциямен кездеседі

13.02.2013    Оқылғаны: 6931
Дереккөз: ҚТФ баспасөз қызметі
Автор:

   Бүгін Лондонда  Халықаралық теннис федерациясының ұйымдастыруымен, федерация кубогының екінші әлемдік тобының  плей-  офф сынына жеребе тартылды.

   Біздің әйелдер құрамасы  Франция командасына   қарсы күшін сынайды. Қазақстан – Франция  текетіресі сәуірдің 20-сы  мен 21-і аралығында  Францияда өтеді.

   Басқа кездесу жұптары мынандай: Бельгия - Польша, Аргентина – Великобритания  және  Украина-  Канада.

   Осы кездесулерде жеңіске жеткен жұптар, келесі жылдан бастап  әлемнің екінші тобында өнер көрсетуге мүмкіндік алады.  

  Естеріңізге сала кетейік, ұлттық құрама Азия/Океания аймағының бірінші тобында  Өзбекстан құрамасын қапы калдырған болатын.


Будьте в курсе всех событий казахстанского тенниса, следите за новостями на нашем сайте и подписывайтесь на наши социальные сети Instagram, Facebook и YouTube канал.