Финал.Қазақстан-Қытай

05.02.2012    Оқылғаны: 7073
Дереккөз: ҚТФ баспасөз қызметі
Автор:

   Федерация кубогында  финалға дейін сүрінбей жеткен Қазақстан құрамасы шешуші сында Қытай қыздарына тап болды. Ақтық сынға Қытай құрамасының капитаны әлемнің 9-шы ракеткасы На ЛИді, рейтингте 17- орында тұрған Шуай Пенгты, сондай-ақ , жұптық ойынның шебер маманы Жи Женгты алаңға шығарды.  

   Алғашқы болып,алаңға біздің теннисші  Ярослава Шведова шықты. Ол қытайлық Шуай Пенгпен ракетка түйістірді. Ойын басында, Ярослава  бір брэйк жасап үлгерген болатын. Алайда,Пенг  шабуылды теннис ойын өрнегін көрсетіп, алғашқы кезеңді өз пайдасына шешті.Есеп-3:6.  

   Екінші кезең тартысты басталды. Қазақстан теннисшісі екінші сетке  өзге тактика  қолданып, ақыры екінші партияда  басымдығын  танытты. Кездесуде  Шведова  Қытай спортшысының добын еншілеп, екінші кезеңді 6:3 есебімен қарсыласын  тізерлетті.

  Шешуші партияда біздің спортшы  төрешілердің шешіміне аздап келіспеушіліктер танытқан болатын. Соның есесінде, ұтымды және маңызды  ұпайлар Қытай командасына жазылып отырды. Осы орайда,Ярослава  қобалжып,  үшінші кезеңде өрескел  кателіктерге бой алдырды. Осыны пайдаланған қытайлық спортшы 1:4 есебімен суырылып алға шықты. Ақырында,матчты  Шуай Пенг  өз пайдасына шеше білді.

Сөйтіп,ақтық сында Қытай құрамасы 1-0 есебімен алға шықты. 

  Екінші ойында Қазақстан құрамасының лидері -Галина Воскобоевамен былтырғы жылдың «Ролан Гаррос» чемпионы  қытайлық На Ли кездесті.

  Алғашқы минутта екі спортшының қобалжуы сезілді.Алайда, Қытай қызы Галинаға қарағанда аз қателіктер жасаған болатын. Соның есесінде На Ли 2-0 есебімен басымдығын таныта бастады. 
Бірінші кезеңде «Үлкен Дулыға» чемпионы Воскобоеваға  тек бір гейм ғана ұстатты. Партия 1:6 есебімен аяқталды.
Екінші кезеңде,  жігерлі мінез танытқан Галина  екінші сетті 6:3 есебімен қорытындылады. 

   Шешуші партияны На Ли қатесіз бастады. Барлық күш-жігерін екінші партияға салған қазақ спортшысы, шешуші кезеңде шаршаған сияқты көрінді. Ақыры«Ролан Гаррос» жеңімпазы  1:6 есебімен жеңісті тойлады.Есеп-1:6,6:3,1:6. 

Кездесудің қорытынды есебі  0:2. Жұптық кездесудегі ойынның нәтижесіне қарамастан қытайлықтар келесі кезеңге шықты.

Будьте в курсе всех событий казахстанского тенниса, следите за новостями на нашем сайте и подписывайтесь на наши социальные сети Instagram, Facebook и YouTube канал.