Fed Cup: Әлемдік топтың жолдамасы сарапқа салынады

03.02.2012    Оқылғаны: 7111
Дереккөз: ҚТФ баспасөз қызметі
Автор:
  Бүгін Қазақстан әйелдер құрамасы топтық ойындарының соңғы кездесуін Тайланд қыздарымен ракетка түйістіріп, 2:1 есебімен басым түсті.
  Бірінші матчта қазақстандық Ярослава Шведова Лертчивакан Наппаванға қарсы шыққан болатын.Маңызды кездесуде алдымен Ярослава қарқынды шабуылдарымен 3:0 есебімен алға шыққан. Десекте, Лертчивикан Ноппаван дер кезінде есін жиып, есепті қысқарта бастады. Алайда, осы кезеңде өзінің шеберлігін көрсеткен Қазақстан спортшысы 6:3 есебімен сетті өз пайдасына шешті.
  Екінші кезең өте тартысты басталды. Қыздар бір-бірінің соққыларын қайтара отырып, ақыры 6:6 есебімен тайбрейкке жетті. Осы кезде біздің спортшы қырандылық танытып, ойында жеңіске жеткізді. Есеп-6:3,7:6.
Есеп 1:0. Біздің құрама алға шықты.
Екінші кездесуде екі құраманың көшбасшылары Галина Воскобоевамен Тамарин Танасугарн алаңға беттеді.
  Біздің спортшы алғашқы кезеңнен бастап, қарсыласынан шеберлігі басым екенін байқатты. Ақыры ойын барысында Галина 12 мәрте эйс жасап, матчты 6:3,6:3 есебімен аяқтады.
  
  Жұптық бәсекеде Воскобоева/Каратанчева одағы Нунгнадда Ваннасук және Варатчая Вонгтеанчай жұбына ұтылғанымен (6:4, 3:6, 6:4), жеңіс біздің жаққа ойысты.
Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан қыздары осыған дейін Корея мен Индонезия құрамасын ұтқан еді.

 
  Теннистен Қазақстан қыздары Федерация кубогының ақтық сынына шықты. Ертең ақтық сында біздің әйелдер құрама командасы Қытай командасымен кездесіп, тұңғыш рет әлемдік лиганың жолдамасын сарапқа салады.

Будьте в курсе всех событий казахстанского тенниса, следите за новостями на нашем сайте и подписывайтесь на наши социальные сети Instagram, Facebook и YouTube канал.