Fed Cup: Қазақстан – Индонезия 3:0

03.02.2012    Оқылғаны: 7266
Дереккөз: ҚТФ баспасөз қызметі
Автор:
  Федерация кубогының екінші күні Қазақстан құрамасы Индонезия қарсы алаңға шықты.Біздің құрамада алғашқы болып ойынға Ярослава Шведова шығатын болды.
  Индонезия құрамасына бүгінгі жеңіс ауадай қажет болатын. Өйткені, олар алғашқы ойынында Тайланд командасымен кездесіп, 3-0 есебімен ойсырата жеңілген болатын.
Бірінші кездесуде Ярослава Шведова Индонезиядан келген Джесси Ромпаеспен ракетка түйістірді.
  Алғашқы минуттан бастап,Ярославаның қарсыласы бірінші болып шабуылды теннис көрсетті. Алайда, Қазақстан теннисшісі ойын барысында басымдық танытып, бірде-бір геймді ұстатпай 6-0 есебімен қарсыласын бірінші кезеңде тізерлетті.
  Екінші кезеңде, Ромпаес ойындағы алғашқы геймді өз қоржынына салып, алға шыққан болатын. Бірақ, Қазақстан спортшысы қатарынан мықты соққылар жасап, ақыры ойынды өз пайдасына шешті. Есеп -6:0,6:3.
Бірінші ойыннан кейін, жалпы нәтиже бойынша Қазақстан құрамасы алға шықты.Есеп 1-0.
  Екінші матча, құраманың капитаны Сесил Каратанчеваны ойынға қосты.Каратанчева индонезиялық Дамаянти Фанимен кездесті.
  Бірінші минуттан бастап,Сесиль қарсыласының соққыларын барлығын ұтымды кортқа қайтара отырып,ақыры Дамаянтиді 46 минутта 6/1,6/1 есебімен тізерлетті. Біздің спортшы ойын барысында 21 рет ұтымды соққы жасап,тек 2 рет қана допты ойынға қоса алмаған болатын.
Қазақстан 2-0 есебімен алға шықты.
  Жұптық кездесуде Воскобоева және Каратанчева жұбы Ромпаес/Тананта жұбымен кездесті. Біздің қыздар 6:1,7:6 есебімен басым түсті. Қорытынды нәтиже бойынша Қазақстан құрамасы Индонезины 3-0 есебімен жеңді.
Енді ертең топтық матчта біздің қыздар Тайландқа командасына қарсы шығатын болады.
  Ертең алаңға бірінші болып, біздің командадан жекелей сында Ярослава Шведова,екінші ойынға Галина Воскобоева шығады. Сондай-ақ жұптық ойында Шведова/Воскобоева жұбы ойнайды.

Будьте в курсе всех событий казахстанского тенниса, следите за новостями на нашем сайте и подписывайтесь на наши социальные сети Instagram, Facebook и YouTube канал.