Қазақстан құрамасы Бельгиямен ойнайды

19.09.2013    Оқылғаны: 7741
Дереккөз: ҚТФ баспасөз қызметі
Автор:

   18 қыркүйек күні Лондонда Дэвис кубогының әлемдік тобының жеребе тарту рәсімі өтті. Жеребенің қорытындысы бойынша,  біздің ұлттық құрама  Дэвис Кубогының әлемдік тобының алғашқы раундында Бельгияны қабылдайды. Кездесу 2014 жылы  31  қаңтар мен 2 ақпан  аралығында өтеді.  Қазіргі таңда, турнирдың  рейтингісінде ұлттық құрама сегізінші орында екендігін атап өтейік.

   Ағымдағы жылы, Қазақстан турнирдің ширек  финалына дейін жетіп, онда жарыстың қазіргі жеңімпаздары  Чехияға есе жібергендігін естеріңізге саламыз.

Дэвис кубогының жеребе қорытындысы:
Қазақстан - Бельгия
Сербия - Швейцария
Чехия - Нидерланды
Германия - Испания
Жапония- Канада
Франция - Австралия
АҚШ - Ұлыбритания
Аргентина - Италия


Будьте в курсе всех событий казахстанского тенниса, следите за новостями на нашем сайте и подписывайтесь на наши социальные сети Instagram, Facebook и YouTube канал.