Қазақстанның ұлттық теннис құрамалары карантиннен кейін алғашқы рет оқу-жаттығу жиындарын бастады

02.06.2020    Оқылғаны: 840
Дереккөз:
Автор:
Қазақстанның теннистен ұлттық және жасөспірімдер құрамалары оқу-жаттығу жиындарын бастады. Жаттығулар 14 маусымға дейін Щучье-Бурабай курорттық аймағында өтеді. 

"Жаттығу базасында 30-дан астам спортшыларды жинадық. Біздің мақсатымыз ұзақ карантиннен кейін олардың маусым алдындағы функционалдық қабілетін қалпына келтіріп, арттыру. Астанаға оралған соң спортшылар теннис бойынша қалыпты жаттығуларын жалғастырады", - деп, ҚР ерлер құрамасының капитаны Юрий Щукин мәлімдеді.

Бапкерлер спортшылардың физикалық деңгейін көтеру, олардың төзімділігін, координациясын, жылдамдылығы мен күшін арттыру саласында жұмыс жасайды.
 
Сонымен қатар, Юрий Щукин, Ярослава Шведова, Елена Рыбакина, Зарина Дияс сияқты ҚР Ұлттық құрамасының атақты мүшелері жас теннисшілермен білімдері мен тәжірибесімен бөліседі. 
"Теннисшілер оқшауланудан шығуда. Меніңше олар тез арада бұрыңғы қарқынға оралып, тиімді қалыптарына келеді" - деп, ҚР әйелдер құрамасының капитаны Ярослава Шведова ойымен бөлісті.

ОЖЖ биыл бірінші рет Щучье көлінің бойындағы Ұлттық паркте орналасқан Rixos Borovoe қонақ үйінде өтеді.  Мұнда нәтижелі жиындар үшін қажеттінің бәрі бар: жабық және ашық теннис корттары, веложолдар, жүгіру жолдары, спортшылардың тамақтануына арналған арнайы мәзір, жақсы демалуға және жылдам қалыпқа келуге мүмкіндік беретін жайлы нөмірлер. 

Еске сала кетейік,  бұл спортшылардың коронавирус пандемиясына байланысты болған ұзақ мерзімді үзілістен кейінгі алғашқы жиыны.
 

Будьте в курсе всех событий казахстанского тенниса, следите за новостями на нашем сайте и подписывайтесь на наши социальные сети Instagram, Facebook и YouTube канал.