Теннис федерациясының президенті Болат Өтемұратов Мақтаарал ауданына 6 млн доллар бөледі

08.05.2020    Оқылғаны: 911
Дереккөз:
Автор:
Теннис федерациясының президенті Болат Өтемұратов Мақтаарал ауданына 6 млн доллар бөледі

Қазақстан теннис федерациясының перзиденті Болат Өтемұратов Түркістан облысының Мақтаарал ауданында 150 үй салу үшін 6 млн АҚШ долларын бөледі.

Түркістан облысының Мақтаарал ауданында Болат Өтемұратов Қорының қаржыландыруымен 150 тұрғын үй салынбақ. Олар көршілес Өзбекстанда болған су бөгетінің бұзылуы салдарынан орын тапқан тасқыннан зардар шеккендерге берілетін болады. Қайырымдылық ұйымның құрылтайшысы бизнесмен және меценат Болат Өтемұратов осы шараға 6 млн АҚШ долларын (2,5 млрд теңге) бөлгенін мәлімдеді.

Үйлер аудан орталығы Мырзакент қаласының жаңа шағын ауданында салынады. Мұнда баспаналары бұзылған Достық, Жаңатұрмыс және Жеңіс ауылдарының тұрғындары көшіріледі.

Жаңа шағын ауданға барлық коммуникациялар тартылып, балабақшалар мен мектептер салынады.

Өткен жылы Болат Өтемұратов Қоры Қызылорда қаласында 100 көпбалалы отбасы үшін және Арыс қаласында жарылыстардан зардап шеккен 100 отбасы үшін тұрғын үй салуды қаржыландарды. Жобаларға жұмсалған жалпы сома 1,3 млрд. теңге құрады.

Будьте в курсе всех событий казахстанского тенниса, следите за новостями на нашем сайте и подписывайтесь на наши социальные сети Instagram, Facebook и YouTube канал.