Қазақстан ұлттық құрамасының теннисшілері жанкүйерлерімен кездесіп, Нұр-Сұлтанда балаларға шеберлік сағатын өткізді

29.02.2020    Оқылғаны: 254
Дереккөз:
Автор:
Жанкүйерлермен кездесу 6 және 7 наурызда Қазақстан мен Нидерланды командалары арасында өтетін Дэвис Кубогының іріктеу кезеңі қарсаңында өтті.

Ұлттық құраманың теннисшілері Александр Бублик, Александр Недовесов, Денис Евсеев пен Дмитрий Попко Mega Silk Way сауда-ойын - сауық орталығында жанкүйерлермен кездесіп, сол жерде автограф және фотосессиядан кейін балалар мен теннис әуесқойлары үшін шеберлік сағатын өткізді.

«Мен біздің жас теннисшілерімізге көп уақыт жұмсауға тырысамын, себебі олардың болашағы Қазақстан теннис федерациясының басты мақсаты, сондай-ақ жанкүйерлермен тығыз байланыс орнатуға тырысамын, өйткені олардың қолдауы біздің командамыз бен біздің еліміз үшін маңызды», - деп атап өтті журналистермен әңгіме барысында Александр Бублик.

«Енді ойнай бастағанымда, менде қазіргі жағдайдың 10 пайызы да болған жоқ. Ққазіргі уақытта Қазақстанда Надаль мен Джокович сияқты мықты спортшыларды тәрбиелеп шығару үшінбарлық жағдай жасалған. Менде болған барлық жағдай-теннис ойнауға деген ниет», - деп Александр НедовесовҚазақстандағы балалар теннисінің даму перспективалары туралы сұраққа осылайша жауап берді.

Сондай-ақ, ұлттық құраманың ойыншылары сауда-ойын-сауық орталығында жиналған балаларға шеберлік сабағын өткізді. «MEGA SilkWay»-ға келген жас жеткіншектер спортшылармен теннис ойнады, сонымен қатар жеке ұсыныстар алды.

Мастер-класс соңында ойынға билеттер ойнатылып, Қазақстан теннис федерациясының серіктестерінен сыйлықтар табыс етілді. Кездесуді аяқтай келе, теннисшілер жанкүйерлерге қолдау көрсеткені үшін алғыс айтып, турнирдің ақтық кезеңіне шығу үшін барлығын жасауға уәде берді.
 

Будьте в курсе всех событий казахстанского тенниса, следите за новостями на нашем сайте и подписывайтесь на наши социальные сети Instagram, Facebook и YouTube канал.