Дэвис Кубогы 2020-ның іріктеу кезеңі 

27.02.2020    Оқылғаны: 311
Дереккөз:
Автор:
Қазақстан теннис федерациясы 2020 жылдың 6-7 наурызында Нұр-Сұлтан қаласындағы Ұлттық теннис орталығында Қазақстан мен Нидерланд командалары арасында by Rakuten Дэвис Кубогының іріктеу матчын өткізеді.

Дэвис Кубогы - жүз жылдан астам тарихы бар ерлер теннисіндегі ірі халықаралық командалық жарыс. 1900 жылдан бастап жыл сайын өткізіледі, 1979 жылдан бастап Халықаралық теннис федерациясының қамқорлығымен өткізіледі. 2019 жылдан бастап - 18 құрамадан тұратын Әлемдік топ маусымның соңында бір апта бойы бас олжаны сарапқа салатын жаңа форматта өткізіліп келеді. Кубоктың ағымдағы иегері - Испания құрама командасы.

Қазақстан ерлер құрамасы осы беделді турнирдің ширек финалына бірнеше рет шығып, келесі атақты командаларды жеңді: Чехия (2011), Австрия (2013), Бельгия (2014), Италия (2015), Швейцария (2018). 

2019 жылы Португалия командасын жеңгеннен кейін, біздің құрама 18-24 қарашада жаңа форматта Мадридте өткен Дэвис Кубогының финалдық кезеңіне шықты. Испания астанасында Қазақстан құрамасы бірінші ойын күні Нидерланд командасын 2:1 есебімен жеңді, бірақ Ұлыбританиядан 1:2 есебімен ұтылып, плей-оффқа шыға алмады.

6 және 7 наурызда Нұр-Сұлтан қаласында өтетін іріктеу ойындарында Қазақстан құрамасы тағы да Нидерланд құрамасымен кездеседі. Бұл Дэвис Кубогының ақтық кезеңіне өтіп, қазақстандық теннисшілер әлемнің үздік командаларының қатарында болуға лайықты екенін дәлелдеуге мүмкіндік береді!
 
КОМАНДАЛАР ҚҰРАМЫ
ҚАЗАҚСТАН НИДЕРЛАНД
Александр Бублик Уэслей Кулхоф
Михаил Кукушкин Жан-Жульен Ройер
Андрей Голубев Робин Хаасе
Александр Недовесов Таллон Грикспур
Дмитрий Попко Ботик ван де Зандшульп
ІС-ШАРА БАҒДАРЛАМАСЫ 
29 ақпан (сенбі) 
14:00 – «MEGA Silk Way» сауда ойын-сауық орталығында жанкүйерлермен кездесу
15:30 – «MEGA Silk Way» сауда ойын-сауық орталығында балалармен шеберлік сабағы
03 наурыз (сейсенбі)
12:30 –  Нидерланд командасының қатысуымен баспасөз-конференция (ҰТО-1, баспасөз-орталығы)
13:15 – Қазақстан командасының қатысуымен баспасөз-конференция (ҰТО-1, баспасөз-орталығы)
05 наурыз (бейсенбі) 
11:00 – Фуршет  (The Ritz-Carlton, Astana мейманханасы)
11:45 – Жеребе (The Ritz-Carlton, Astana мейманханасы)
12:15 – Екі команданың қатысуымен баспасөз-конференция (The Ritz-Carlton, Astana мейманханасы) 
06 наурыз (жұма) 
13:45 – Турнирдің ашылу салтанаты
14:00 – Матчтың басталуы 
Матчтар арасындағы үзіліс 20 минут 
07 наурыз (сенбі)
12:00 – матчтың басталуы

СІЛТЕМЕ БОЙЫНША БАҚ-ТЫ АККРЕДИТАЦИЯЛАУ:  https://www.ktfpress.com/
Өтінімдер 2020 жылғы 28 ақпан сағат 14:00-ге дейін қабылданады
 
Билеттерді сату: https://ktf.kz/ және
https://ticketon.kz/nur-sultan/event/otborochnye-matchi-kubka-devisa
 

Будьте в курсе всех событий казахстанского тенниса, следите за новостями на нашем сайте и подписывайтесь на наши социальные сети Instagram, Facebook и YouTube канал.