Ертең Дэвис Кубогының плей-офф сынында кездесетін құрамалар белгілі болады

10.04.2012    Оқылғаны: 7082
Дереккөз: ҚТФ баспасөз қызметі
Автор:
   Ертең  Дэвис Кубогының плей-офф сынында  кездесетін  құрамалар белгілі болады. Аталған жарыстың алғашқы кезеңінде  сүрінген құрамалар,  бірінші топтан  суырылып шыққан командалармен элиталық топта өнер көрсету үшін бақталасады. 
 
   Ағымдағы жылы Дэвис кубогының алғашқы ойыныңда Қазақстан ерлер құрамасы Испания командасына жеңілгеніне  қарамастан, халықаралық теннис федерациясының жаңартылған рейтингісі бойынша,  9-шы орынды сақтап қалды. Бұл дегеніміз, ертең біздің құрама  жеребе рәсімінде фавориттердің тізіміне кіреді деген сөз.   

   Диас Досқараев жаттықтыратын Қазақстан құрамасы  плей-офф  кезеңінде Австралия, Бельгия, Бразилия ,Чили, Япония, Нидерланды, Оңтүстік Африка және Өзбекстан құрамаларымен кездесуі мүмкін.

   Айта кетейік, Қазақстан құрамасы келесі жылы Дэвис кубогының элиталық тобында қалу үшін 14-16 қыркүйек аралығында  плей-офф жолына шығады.

Будьте в курсе всех событий казахстанского тенниса, следите за новостями на нашем сайте и подписывайтесь на наши социальные сети Instagram, Facebook и YouTube канал.