Испания – Қазақстан кездесуінің қорытындысы

14.02.2012    Оқылғаны: 6998
Дереккөз: ҚТФ баспасөз қызметі
Автор:
Теннистен еліміздің ұлттық құрамасы Дэвис кубогі үшін жарыстың 1/8 финалында Испаниядан 0:5 есебімен ұтылды.
  Рафаэль Надальдан басқа да асқан талант иелері Испанияда аз емес. Қазіргі кезде аталмыш мемлекеттің 10 бірдей өрені төрткүл дүниедегі 100 үздік теннисшілер қатарында. Қазақстан құрамасы сапында АТР тізімінде алғашқы жүздікке еніп отырған жалғыз теннисші ғана бар еді.
Бірінші күн
Бірінші болып алаңға Михаил Кукушкинмен Хуан Карлос Фереро шықты.
  Алғашқы ойында Кукушкин Фереродан жеңілсе,Андрей Голубев әлемнің 11 ракеткасы Николас Альмаградан айласын асыра алмады. Михаил Кукушкинмен Хуан Карлос Фереро тартысты бес сет ойнады. Жалпы алғанда матч 4 жарым сағатқа созылды. Бірініші кезеңде испан спортшысы барлық ойын компоненттерден басымдылығын таныта бастады. Қырандылық таныта бастаған Фереро бірден ойын басында брэйк жасап, ақырында партияны өз пайдасына шешкен болатын.
  Екінші кезеңде екі спортшыда жоғары деңгейдегі ойын көрсете бастады. Олар екінші кезеңде тепе- тең келе жатты. Содан партияның соныңда, қарсыласының добын еншілеген Кукушкин сетті 6-4 есебімен аяқтады.Аталмыш кезең 57 минутқа созылды.
  Үшінші партияда Михаил қарсыласының добын еншіліеп, суырып алға шықты. Кейіннен,тәжірибесі мол испан спортшысы сапалы ойынымен және мықты соққыларымен тамаша ойын өрнегін көрсете бастады.Үшінші кезеңнің соңында ойын ақыры тай брейкпен ұласты. Кезеңнің соңында, Кукушкин қобалжып, қателіктерге бой алдырды. Ал Фереро болса, қарсыласының қателіктірен оңтайлы пайдаланып,7:6 есебімен сетті жеңіспен аяқтады.
  Төртінші кезең медициналық үзілістен басталды. Үзілісті Фереро пайдаланды. Алайда,біздің спортшы партияны шапшаң бастады. Кортта тез қимылдап,қарсыласына динамикалық ойынды ұсынды. Бұған, әрине Фереро дайын емес еді. Кукушкин төртінші кезеңді жеңіспен аяқтаған болатын. Кезеңдер бойынша , есеп теңесті 2-2.
  Шешуші бесінші партияда қарсыластар 4:4 есебімен тепе-тең келе жатты. Ақырында намысқа тырысқан испан теннисшісі 6:4 есебімен жеңіп,Испания құрамасының қоржынына алғашқы бірінші ұпайды салды.
Екінші ойынға Андрей Голубев шықты.Оның қарсыласы әлемнің 11-ракеткасы Николас Альмагро болатын.
  Алғашқы геймді жақсы бастаған Андрей, кейіннен барлық соққылары қате кете бастады. Осы кезеңде, Андрей қарсыласына қарағанда 13 қате соққылар жасап,3:6 есебімен кезеңді жеңіліспен аяқтады.
Екінші күн. Жұптық кездесу
  Жарыстың екінші күні бас бапкер,Королев Щукин жұбын алаңға шығарды. Алайда, Марсель Гранольерс және Марк Лопес қазақстандық жұп Евгений Королев пен Юрий Щукинді үш сетте тізерлетті. Қорытынды есеп: 6:2 6:3 6:1.
  Айта кетейік,испан спортшылары жұптасып өнер көрсетудің хас шебері саналады. Олар Дэвис кубогы жолында екеуі жұптасып өнер көрсетпеседе,талай мәрте жұптасып өнер көрсетуде халықаралық жарыстардың жеңімпаздары атанған болатын.
  Ойын басталысымен, испан теннисшілері бірден өз басымдылықтарын көрсете бастады. Олар қарсыластарының добын еншілей отырып, есепте суырып алға шықты.Ақыры испандықтар кезеңді 6:2 есебімен жеңіспен аяқтады.
  Екінші кезеңде қазақстандықтардың қарсыласқанына қарамастан, испан шеберлері тағыда алға шықты. Бір-бірін түсене алмаған біздің спортшылар 3:6 есебімен екінші кезеңде де жеңіліске ұшырады.
  Үшінші партияда, ойын басталысымен испан спортшылары күшті соққылармен ерекшеленіп, біздің теннисшілерді әбігерге салды. Бұл партияда да Щукинмен Королев жұбы испандықтарға тегеурінді қарсылық көрсете алмады. Ақыры сет 1:6 есебімен аяқталды испан спортшыларының пайдасына.
  Енді ертең тағы екі кездесу өтеді. Бірақ біз үшін биылғы сын аяқталды. Испания құрамасы Дэвис кубогының ширек финалына жолдама алды.
Үшінші күн
  Испания жігіттері соңғы күнгі ойындарда ұтылса да, жалпы есепте жеңіске жетер еді. Соған қарамастан, испан жігіттері босаңсымай, жалпы есепте ірі жеңіске жетті.
  Соңғы күні жекелеген сайыстар өтті. Бастапқыда Евгений Королевпен Наколас Альмагро күш сынасты. Матч барысында асқан шеберлік танытқан Альмагро көп қиналмай, екі сетте жеңіске жетті.
  Екінші кездесуге испандардың атынан шығуы тиіс болған Ферроның орнына Гранольерс шықты. Оған қарсы бас бапкер Голубевты алаңға шығарды.
  Бұған дейін олар өзара тек бір мәрте кезедескен болатын. Сол кезде Андрей Голубевтың мерейі үстем болған екен. Алайда, бұл жолы бәрі керісінше болды. Испан теннисшісі есесін қайтаруға тырысты.
  Бірінші сетті Гранольерс бірден жеңістен бастады. Артынша Голубев тараз басын тай брейкпен теңестірді. 6-7(2). Шешуші үшінші сетте 6:3 пен тағы да Гранольерс басмы түсті. Қорытынды есеп: 5:0.
Күзде ұлттық құрама плей-офф кезеңінен бастайды.

Будьте в курсе всех событий казахстанского тенниса, следите за новостями на нашем сайте и подписывайтесь на наши социальные сети Instagram, Facebook и YouTube канал.