Davis Cup: Жұптасып өнер көрсету

12.02.2012    Оқылғаны: 6834
Дереккөз: ҚТФ баспасөз қызметі
Автор:
Екінші күн. 11 ақпан. Жұптық кездесу
  Жарыстың екінші күні бас бапкер,Королев Щукин жұбын алаңға шығарды. Алайда, Марсель Гранольерс және Марк Лопес қазақстандық жұп Евгений Королев пен Юрий Щукинді үш сетте тізерлетті. Қорытынды есеп: 6:2 6:3 6:1.
 
  Айта кетейік,испан спортшылары жұптасып өнер көрсетудің хас шебері саналады. Олар Дэвис кубогы жолында екеуі жұптасып өнер көрсетпеседе,талай мәрте  жұптасып өнер көрсетуде халықаралық жарыстардың жеңімпаздары  атанған болатын.
  Ойын басталысымен, испан  теннисшілері бірден  өз басымдылықтарын көрсете бастады. Олар қарсыластарының добын еншілей отырып, есепте суырып алға шықты.

Ақыры испандықтар кезеңді 6:2 есебімен  жеңіспен аяқтады.

  Екінші кезеңде қазақстандықтардың  қарсыласқанына қарамастан, испан шеберлері  тағыда  алға шықты.  Бір-бірін түсене алмаған біздің спортшылар  3:6 есебімен екінші кезеңде де жеңіліске ұшырады.
  Үшінші партияда, ойын басталысымен испан спортшылары  күшті  соққылармен ерекшеленіп, біздің теннисшілерді  әбігерге салды. Бұл партияда да Щукинмен Королев жұбы испандықтарға  тегеурінді қарсылық көрсете алмады. Ақыры сет 1:6 есебімен аяқталды испан спортшыларының пайдасына.  

  Енді ертең тағы екі кездесу өтеді. Бірақ біз үшін биылғы сын аяқталды. Испания құрамасы Дэвис кубогының ширек финалына жолдама алды.

Күзде  ұлттық құрама  плей-офф кезеңінен бастайды.

Будьте в курсе всех событий казахстанского тенниса, следите за новостями на нашем сайте и подписывайтесь на наши социальные сети Instagram, Facebook и YouTube канал.