Қазақстан Сербиямен кездеседі

24.09.2015    Оқылғаны: 10320
Дереккөз: ҚТФ баспасөз қызметі
Автор:
Бүгін, 24-ші қыркүйек күні Чили астанасы Сантьяго қаласында теннистен Дэвис Кубогы турнирінің әлемдік тобында сынға түсетін командалар арасында жеребе тарту рәсімі өтті. Жеребенің нәтижесі бойынша, 2016 жылы Дэвис Кубогының 1/8 финалында Қазақстан ұлттық құрамасы Сербиямен кездеседі. Аталған кездесу 4-6 наурыз күндері Сербияда өтеді.
Жеребе бойынша 2016 жылғы Дэвис Кубогының 1/8 финалында кездесетін командалар төмендегідей:
Ұлыбритания – Жапония
Польша – Аргентина
 Италия – Швейцария
Франция – Канада
Сербия – Қазақстан
Германия – Чехия
Австралия – АҚШ
Бельгия – Хорватия.

Будьте в курсе всех событий казахстанского тенниса, следите за новостями на нашем сайте и подписывайтесь на наши социальные сети Instagram, Facebook и YouTube канал.