Сағандықова, Арыстанбекова, Дмитриченко, Дюсебай және Тазабеков Президент кубогының екінші айналымына өтті

07.08.2025    Оқылғаны: 3243
Дереккөз: ҚТФ баспасөз қызметі
Автор:

Астанада Президент кубогы аясында өтіп жатқан ITF M15 және W15 турнирлері жалғасуда.

Жекелей сында алғашқы айналымда Аружан Сағандықова Альбина Какенованы 6:0, 6:3 есебімен жеңіп, келесі кезеңге жолдама алды. Асылжан Арыстанбекова тәжірибелі теннисші Дарья Хомутянскаяны тартысты ойында 7:6 (7:2), 6:3 есебімен ұтты. АҚШ-та колледжде білім алып жатқан Екатерина Дмитриченко жапониялық Хонори Каоямадан 6:1, 6:3 есебімен басым түсті. Қазақстандық теннисшілер арасындағы кездесуде Інкәр Дюсебай Полина Слепцованы 0:6, 6:0, 6:3 есебімен жеңіп, екінші кезеңге жолдама алды.

Ерлер арасында екінші айналымға өткен жалғыз қазақстандық — 17 жастағы Даниель Тазабеков. Ол ресейлік Руслан Тюкаевты үш сетке созылған тартысты матчта 4:6, 6:4, 6:2 есебімен жеңді.

Beeline Janymda. Матчтарды көріп, алған әсеріңізді кез келген жерде бөлісіңіз!
Forte Bank. АДАМДАРҒА КӨМЕКТЕСЕМІЗ. КӘСІПКЕРЛЕРДІ ҚОЛДАЙМЫЗ. БОЛАШАҚТЫ ОЙЛАЙМЫЗ.
Әр сағат сайын A’SU ішіңіз
Lexus. Experience Amazing
Турнирдің бас демеушісі - Қазақстанның «RG Gold» алтын өндіру компаниясы
 



Қазақстан теннисінің барлық оқиғаларынан хабардар болыңыз, сайттағы жаңалықтардан ақпарат алыңыз және Instagram, Facebook және YouTube арналарындағы әлеуметтік парақшаларымызға жазылыңыз.



Федерация серіктестері

Ақпараттық серіктестер