Президент кубогы: ITF турнирінде жұптық сында ширек финалға Қазақстаннан кімдер шықты

06.08.2025    Оқылғаны: 3262
Дереккөз: ҚТФ баспасөз қызметі
Автор:
Елордада Beeline Arena ұлттық теннис орталығында Президент кубогы үшін ерлер және әйелдер арасында жұптық сында ITF турнирінің ширек финалына шыққандар анықталды.

Жарыстың 1-ракеткасы болып тіркелген Григорий Ломакин ресейлік Александр Лобановпен бірге 1/8 финалда ресейліктер Савелий Иванов – Евгений Филипповты 6:4, 6:2 есебімен ұтты.

Амир Омарханов түркиялық Мерт Алкаймен бірге тартысты бәсекеде ресейлік Никита Ианин – өзбекстандық Максим Шиннан басым түсті – 6:3, 3:6, 12:10.

Әйелдер арасында Асылжан Арыстанбекова – Іңкәр Дүйсебай ресейліктер Дарья Харланова – Эдда Мамедованы жолдан тайдырды – 6:3, 5:7, 10:7.

Альбина Кәкенова – Анастасия Крымкова табандылық танытып, ресейліктер Софья Гапонова – Мария Михайлованы камбэкпен жеңді – 3:6, 6:4, 10:8.

Аружан Нұранбай – Сәтима Төреген жапониялық Хонори Каояма – украиналық Адриана Ткаченконың мысын басты – 6:4, 6:4.

Сандуғаш Кенжебаева ресейлік Алиса Кюммельмен бірге қазақстандықтар Екатерина Дмитриченко – Аружан Сағындықовадан өтті – 6:4, 6:2.

Beeline Janymda. Матчтарды көріп, алған әсеріңізді кез келген жерде бөлісіңіз!
Forte Bank. АДАМДАРҒА КӨМЕКТЕСЕМІЗ. КӘСІПКЕРЛЕРДІ ҚОЛДАЙМЫЗ. БОЛАШАҚТЫ ОЙЛАЙМЫЗ.
Әр сағат сайын A’SU ішіңіз
Lexus. Experience Amazing
Турнирдің бас демеушісі - Қазақстанның «RG Gold» алтын өндіру компаниясы
 


Қазақстан теннисінің барлық оқиғаларынан хабардар болыңыз, сайттағы жаңалықтардан ақпарат алыңыз және Instagram, Facebook және YouTube арналарындағы әлеуметтік парақшаларымызға жазылыңыз.



Федерация серіктестері

Ақпараттық серіктестер