Елена Рыбакина Монреаль турнирінің жартылай финалына өтті
Қазақстанның бірінші, әлемнің 12-ракеткасы Елена Рыбакина Монреаль (Канада) WTA 1000 турнирінің жартылай финалына жолдама алды.
Қазақстандық теннисші ширек финалда әлемнің 28-ракеткасы, украиналық Марта Костюкпен бетпе-бет келді. Осыған дейін қарсыластар үш рет кездесіп, соның екеуінде Елена жеңген еді. Бұл жолы бірінші партияда Рыбакина айқын басымдылық танытты – 6:1. Екінші сетте есеп 2:1 болған мезетте Костюк матчты жалғастырудан бас тартты.
53 минутқа созылған бәсекеде Рыбакина эйс жасамағанымен, 10 брейк-пойнттың үшеуін пайдаланып үлгерді.
Елена Рыбакина финалға шығу үшін әлемнің 85-ракеткасы, 18 жастағы канадалық Виктория Мбокомен ойнайды.

Қазақстан теннисінің барлық оқиғаларынан хабардар болыңыз, сайттағы жаңалықтардан ақпарат алыңыз және Instagram, Facebook және YouTube арналарындағы әлеуметтік парақшаларымызға жазылыңыз.