
Қазақстандық теннисшілер Швейцарияда бір-біріне қарсы ойнады
ATP 250 санатындағы топырақ төсенішіндегі турнир Швейцарияның Гштаад қаласында жалғасып жатыр. Екінші айналымда Қазақстан ерлер құрамасының үздік теннисшілері өзара кездесті.
Александр Бублик пен Александр Шевченко арасындағы ойында еліміздің бірінші ракеткасы Бублик 6:2, 6:3 есебімен жеңіске жетті. Осылайша, турнирдің екінші нөмірлі ракеткасы саналатын Александр Бублик ширек финалға өтті. Енді ол 18 шілдеде аргентиналық Франциско Комесаньямен (ATP №74) кездеседі.
Қазақстан теннисінің барлық оқиғаларынан хабардар болыңыз, сайттағы жаңалықтардан ақпарат алыңыз және Instagram, Facebook және YouTube арналарындағы әлеуметтік парақшаларымызға жазылыңыз.



























