Қазақстандық жас теннисшілер Қырғызстандағы турнирде үздік шықты

14.07.2025    Оқылғаны: 624
Дереккөз: ҚТФ баспасөз қызметі
Автор:
Шолпан-Ата (Қырғызстан) қаласында 18 жасқа дейінгілер арасында теннистен ITF Juniors J30 турнирі аяқталды.

Бозбалалар арасында қазақстандық Даниель Юрекли финалда америкалық Аруша Котені 6:2, 6:1, 6:3 есебімен ұтты.

Бұл — Даниельдің ITF Juniors жарысындағы алғашқы титулы.

Сондай-ақ Родион Лукашов пен Тимур Сауленко жұптық сында үздік шықты. Қазақстандықтар соңғы бәсекеде жергілікті теннисшілер Давид Могилевский — Никита Клетцовты қапы қалдырды — 4:6, 6:3, 10:4.

Қыздар арасында шымкенттік Сабина Шухратова финалда ғана қырғызстандық Сабина Хаибрахмановаға есе жіберді — 2:6, 1:6. Ал жұптық сында қазақстандықтар Сафина Сафиуллина — Яна Штода тартысты матчта ресейліктер Софья Бахарева — Софья Шарипованы жеңді — 6:7 (1:7), 7:6 (7:5), 10:4.


Қазақстан теннисінің барлық оқиғаларынан хабардар болыңыз, сайттағы жаңалықтардан ақпарат алыңыз және Instagram, Facebook және YouTube арналарындағы әлеуметтік парақшаларымызға жазылыңыз.



Федерация серіктестері

Ақпараттық серіктестер